Жаттықпай жүргеніме бір ай болды, ниетім жоқ - Ильин - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаттықпай жүргеніме бір ай болды, ниетім жоқ - Ильин

Жаттықпай жүргеніме бір ай болды, ниетім жоқ - Ильин

 

  • 23 Шiлде 2016
  • 523
Фото - Caravan.kz

Олимпиада чемпионы Илья Ильин жарыстардан шеттетілгеннен кейінгі өмірі жайлы айтып берді, — деп хабарлайды tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салайық, 16 шілдеде Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Ильиннің 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарындағы тапсырған сынамаларын қайта тексеруде оң нәтиже бергенін хабарлаған болатын. Ол осыдан кейін жарыстардан шеттетіліп, Риодағы Олимпиадаға қатыса алмайтын болды.

Спорт басылымының мәліметінше, Ильин қазіргі уақытта Францияда. Ол бұл елге өзінің допинг ісін нақтылау үшін және "Тур де Франс" жарысын көруге келіпті. Ауыратлет өз жағдайын және бос уақытында немен айналысатынын, болашаққа құрып отырған жоспарын бөлісті.  

"Мен қарапайым адаммын, сондықтан осы жаңалықтарды естігеннен кейін абдырап қалдым. Қазір өз-өзіме келдім, қазір бәрі жақсы. Жаттықпай жүргеніме бір ай болды — ниетім құрыды. Залға жаттығып жүрген жігіттерге қолдау білдіру үшін ғана барамын. Қазір алыста болғандықтан, телефон арқылы қолдап отырамын. Осы уақыт бойы спортпен және отбасыммен айналыстым. Аз-кем саяхаттадым. Бастапқыда Новосібірде, кейін Абхазияда болдым, ол жақтан Женеваға бардым, қазір Франциядамын", — деді спортшы басылым тілшісіне. 

Олимпиада чемпионы тұңғыш рет помостқа шықпай жарысқа қатысып жүр екен. "Бас менеджерлерге барым жүрмін, сұрақтарыма жауап алып жүрмін. Негізі уақытты отбасыма бөлемін. Барлық туысқаным уайымдап жатыр. (…) Іс бойынша әзірше ешқандай пікір айтпаймын. Әзірше ерте. Жаңалық болып жатса, барлығын жинап, айтып беремін", — деді ол. Сұхбатты толығырақ 
мына жерден
 оқи аласыздар.
 

Соңғы жаңалықтар