Ауа райы — жаңбырлы, найзағай ойнап, күшті жел тұрады, кей өңірлерде бұршақ түсуі ықтимал. Антициклон тарамдарының әсерінде болатын — республиканың батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Мәселен, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-22 м/с жылдамдықта жел соғады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында секундына 15-22 метр екпінде жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал.
Ал Қызылорда облысында 15-20 м/с күшпен жел соғып, шаңды дауыл тұрады.
Маңғыстау облысының жекелеген жерлерінде жел тұрып, оның екпіні секундына 15-20 метрді құрайтын болады, күндіз және түнде сулы нысандардың жағалауын тұман басуы ықтимал.
Сондай-ақ синоптиктердің болжауынша, жұма күні республиканың батысында және оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.