«Қазақстан тәуелсіздігінің 20 дылдығына орайластырылып өткізіліп отырған бұл ауқымды шара 4 маусым күні аталып өтетін Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күніне орайластырып отыр», — делінген баспасөз қызметінің хабарында.
Бүгін Қостанайда осы мерекеге орай салтанатты шаралар өтеді. Ал патриоттар форумы Спорт сарайында ертең, 4 маусым күні, басталады. Ол сағат 11.00-де орталық алаңнан бастау алады. «Біз өз еліміздің патриотымыз» атты шараға қатысушылар қала көшелерімен патриоттық-акция «Біздің туымыз! Біздің елтаңбамыз! Біздің әнұранымыз!» атты шеру тартады. Оған студент жастар, қоғамдық ұйымдардың лидерлері мен белсенділері қатысады. Олар алып туды желбірете алып өтеді. Жол-жөнекей бұл патриоттық шараға кез келген қала тұрғыны қосыла алады. Осы акцияға 3000-нан астам қала жастары қатысады деп күтілуде.
Форум Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік концертпен, алаулы шерумен және қаланың орталық алаңында өтетін жастардың дискотекасымен аяқталады.