Жамбыл облысында автобуста 8 мигрант көліктің жүк салғышында келе жатқан - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында автобуста 8 мигрант көліктің жүк салғышында келе жатқан

Жамбыл облысында автобуста 8 мигрант көліктің жүк салғышында келе жатқан

Жамбыл облысының жол полициясы Алматы-Астана тас жолында ұстаған автобуста Оңтүстік Қазақстаннан 8 еңбек мигранты автобустың жүк салғышында бара жатыпты.

  • 6 Маусым 2011
  • 296
Фото - Caravan.kz

«Алматы-Астана тас жолының 406-шы шақырымында Оңтүстік Қазақстан облысының автобусы тоқтатылып, онда нормадан тыс 42 жолаушы болып, ал олардың 8-і жүк салғышында бара жатыпты. Олар Ресей Федерациясына жұмысқа бара жатқан», — деп агенттікке облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Роза Қалдыбекова мәлім етті.

Ол жолаушыларды автобуспен нормадан тыс алып жүру фактісі маусымның 3-5 аралығында жүргізілген «Қауіпсіз жол» арнайы акциясы барысында анықталды дейді.

«Автобус жүргізушісіне қатысты жолаушылар тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды», — дейді ведомство өкілі.

Одан басқа, полицейлік арнайы шара барысында ЖЖЕ-ні бұзудың 2 мыңнан астам фактісі анықталып, оның ішінде көлікті мас күйінде басқарудың 74 фактісі анықталды.

Соңғы жаңалықтар