Республиканың көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 12,9 пайызға өсіп отыр.
ТМД-ның Мемлекетаралық статистикалық комитетінің ақпараты бойынша, екінші орынды — 8,5 пайыз көрсеткішпен — Украина, үшінші орынды — 6,4 пайыз өсіммен Армения иеленіп отыр. Қазақстан — 6,1 пайыз көрсеткішпен — төртінші орында.
Әрі қарай 5,6 пайыз көрсеткішпен — Қырғызстан, 5,5 пайыз көрсеткішпен — Ресей, 3,9 пайыз көрсеткішпен Тәжікстан орналасқан.
Ал Әзірбайжанда аталған кезеңде өнеркәсіптік өндіріс 0,9 пайызға құлдыраған.