Төрт жыл бұрын із-түзсіз жоғалған “Нұрбанк” топ-менеджерлерінің мүрделері өткен айда «Қазтелерадио» қоймаларының бірінде табылған. Неміс мамандары кешенді тексеру жүргізіп, банкирлер «буындырылыпөлтірілген»деген қорытындыға келді. Сондай-ақ денелерінен зорлық-зомбылық іздерін анықтаған: қабырғалары, қолдары сынған және өлтірердің алдында жүйке жүйесіне қатты әсер ететін психотропты дәрілер егіліпті. Естеріңізге сала кетсек, Темірәлиев пен Хасенов 2007жылы қаңтарда ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып, артынша өздері ұшты-күйлі жоғалған болатын. Кейін құзырлы органдар оларды ұрлады деп Рахат Әлиев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаевтан күдіктенді. Бірақ бұл кезде екеуі де шетел асып үлгірген-ді. Бірнеше ауыр қылмыстары үшін сырттай ұзақ мерзімге сотталған Әлиевті Қазақстанға экстрадициялау әлі мүмкін болмай отыр.