«Мен Ислам даму банкісіне ұзындығы 963 шақырым және жалпы құны 1,5 млрд доллар Қазақстан -Түркменстан -Иран теміржолы тармағының құрылысын қаржыландыру жағын жандандыруға қатысуын ұсынамын», деді Н.Назарбаев Астанада сәрсенбіде Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы шеңберінде сөйлеген кезінде.
Президент атап өткендей, Қазақстанның араб елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейтудің басты шарты — көлік-коммуникациялық және логистикалық жүйелердің болуы.