«… Бірқатар шешілмеген проблемалар бар. Мысалы, экономикалық өсудің негізгі факторларының бірі еңбек өнімділігі. Ол бізде төменгі деңгейде қалып отыр. Оның негізгі себептері (…) жұмысты тиімді ұйымдастыра алмау; жабық және артығымен реттеуге тырысушылық; жабдықтар мен өндіріс тәсілдерінің ескіргендігі; кәсіби машықтың тапшылығы», — деді М. Көпеев сенатта жұма күнгі тақырыптық конференция барысында.
«Сондықтан депутаттар «Индустриалдық саясат туралы», «Арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша жекелеген ҚР заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын тездеп қабылдауы тиіс», — деді М. Көпеев.
Бұрын хабарланғандай, үдемелі индустриалық-инновациялық даму (ҮИИД) мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясында 2010-2014-ші жылдарға арналған шаралар жоспары қабылданып, Қазақстанды индустриалдау картасы, «Бизнестің жол картасы – 2020» мен «Өнімділік – 2020» бағдарламалары қабылданды. Сондай-ақ салалар бойынша және аймақтардың 2014-ші жылға дейінгі даму бағдарламасы қабылданды.
ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы 2010-шы жылғы қаңтарда басталды.