«Біз ҰБТ-дан бас тартпаймыз деп ойлаймын. Әрине, оны жетілдіру қажеттігі рас және біз осы бағытта жұмыс істеуіміз керек. Яғни, жұмысты тоқтатуға болмайды», — деді ол үкіметтің дүйсенбі күнгі селекторлық отырысында.
«ЖОО басшылары ҰБТ-ға қарсы екенін білемін, өздері емтихан өткізгісі келеді. Бұл білім беру саласының ашықтығы мен жемқорлыққа қатысты мәселе. Меніңше, ҰБТ білімді тексерудің тәп-тәуір құралы, тек оны жақсарта түсуіміз керек», — деп атап өтті премьер.
Өз кезегінде, Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҰБТ-ның Қазақстанда сегіз жылдан бері өткізіліп келе жатқанын еске салды.
«Жалпы алғанда, біз тамаша тәжірибе жинақтадық. Әзірге бұдан қолайлысы жоқ деп ойлаймын», — деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, биыл ҰБТ бойынша орташа балл деңгейі былтырмен салыстырғанда бір жарым пайыз артып, 86,6%-ды құрады.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр