деп хабарлады статистика департаментінен.
Бұл соманың 83 пайызы — бюджеттің есебінен өтелсе, 16,5 пайызы — халықтың қаражаты, 0,5 пайызы — кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебінен өтелді.
Оның ішінде, орта мектептер 4,5 миллиард теңгенің, жоғары оқу орындары — 1,5 миллиард теңгенің, метепке дейінгі мекемелер — 1,4 миллиард теңгенің қызметін көрсеткен. Ал техникалық және кәсіптік орта білім беру мекемелерінің үлесі — 1,1 миллиард теңгенің шамасында.
Денсаулық сақтау ұйымдары мен әлеуметтік қызметтер болса, І тоқсанда 6,4 миллиард теңгенің медициналық көмегін көрсеткен. Бұл соманың 88,1 пайызы — бюджеттің қаражаты болса, 7,3 пайызы — халықтың өз қаражаты, 4,6 пайызы — кәсіпорындардың қаржысы.