«Белгіленген мамырдың 30-31 деген датамен барлығы да келісті деп есептеймін», — деді А. Әбуов съезд хатшылығының дүйсенбі күнгі отырысында.
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылып, 2003, 2006, 2009-шы жылдары өткізілді. Тұңғыш рет тарихта әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері бірлескен құжаттар қабылдады.
Ол Қазақстанның өркениетаралық диалогқа қосқан елеулі үлесі болды. Дінаралық форум жұмысында беделді ислам, христиан, иудаизм, индуизм, буддизм өкілдері қатысты.