Бұл туралы Д.Медведев бүгін мәлімдеді.
Ту-134 ұшағы сейсенбіге қараған түні Петрозаводск әуежайынан бір километр жерде көлік жолына апатты жағдайда келіп түсті. Соның салдарынан 44 адам қайтыс болды. 10 жасар бала ауруханада көз жұмды.
Ту-134 ұшағының апатқа ұшырауына ұшқыштың қатесі басты себеп деген болжам бар.