Кездесу барысында ЕурАзЭҚ мүшелері болып табылатын Қазақстан мен Қырғызстанның өзара келісілген құқықтық саясатын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі қос мемлекеттің ұлттық парламентінің заң шығарушылық қызметін үйлестіру туралы өзекті мәселелер талқыланды.
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық байланысты бүгінгі жай-күйі мен келешегі, соның ішінде басқа да парламентаралық ұйымдармен қарым-қатынас туралы ойлар ортаға салынды.