кей жерлерде жауын жауып, қатты жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» орталығынан.
«Ал Қазақстанның қалған аумағы антициклонның ықпалында болады», деп нақтылайды синоптиктер.
Атап айтқанда, Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында 15-22 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысы мен Қарағанды облысының батысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.