Шығыс Қазақстандағы жол апатында 5 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстандағы жол апатында 5 адам қаза тапты

Шығыс Қазақстандағы жол апатында 5 адам қаза тапты

Бүгін түнде Өскемен-Зырян тас жолының 38-ші шақырымында ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, апат салдарынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.

  • 29 Маусым 2011
  • 543
Фото - Caravan.kz

«ГАЗ-3110» көлігінің 41 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ болып жолдың қарсы бетіне шығып кетеді де, «ВАЗ-21103» жеңіл көлігімен соқтығысып қалады. Оқиға салдарынан ВАЗ көлігінің 26 жастағы жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.

ВАЗ көлігінің тағы бір жолаушысы мен екінші көліктің жолаушылары түрлі жарақатпен 1-ші қалалық ауруханаға жеткізілсе, «ГАЗ» көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар