Мамандар кербұғының лақтайтынын білгенде таң қалғандарын айтады. Өйткені жануардың бұл түрі табиғатынан сирек төлдейді екен. Қазір жас төлдеген ененің де, лақтың да жағдайлары қалыпты. Әзірге лақтың жынысын анықтау мүмін болмай тұр. Өйткеніайналасындағы адамдардан сескенетін жануар лағына ешкімді жолатар емес. Ал жас бұғы ақырындап алғашқы қадамын жасай бастады. Айта кету керек, жас төлдің енесі де осы биологиялық орталықта дүниеге келген.