Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерді тиімді пайдалану бойынша арнайы бағдарлама әзірлеп жатқандығын еске салған ол: «Қазіргі уақытта біз осы бағдарламаға 10 млн. гектар жайылымды айтарлықтай көп емес қаржыға шұғыл әрі тиімді қалпына келтіретін тәсілдерді әзірледік», — деді.
Ө.Шөкеевтің атап өтуінше, база ретінде Қарағанды облысының Шет ауданында қолданылған тәжірибе қарастырылу үстінде. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаның тетіктері тыңғылықты зерделеніп жатыр. «Таяу айлардың ішінде біз Үкімет отырысына жобаны енгізетін шығармыз. Өйткені бағдарламаның екінші бөлігі жем-шөп базасы мен ветеринарияны дамыту болып табылады», — деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.