«Қазіргі уақытта компания «Гидрополимет» зауытын жобалаумен айналысып жатыр,ол полиметалл концентраттары мен өнеркәсіп қалдықтарын оттегінің көмегімен атмосфералық сілтісіздендіруді қарастырады, бұл компанияның жаңалығы болып табылады. Келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастаймыз деп отырмыз», — деді Н. Попович дүйсенбі күні халықаралық тау-металлургия конгресінде.
«Бейнелеп айтатын болсақ, мұны «Қазмырыштың» барлық қоспаларды, ауыр металдарды шығарып, оларды басты өндірісте пайдалануға болатын ыңғайлы қалыпқа бөлетін бауыры деп атауға болады», — деп түсіндірді ол.
Серіктестік басшысының айтуынша, барысында ажыратылатын өнімдердің тізімінде күкірт қышқылы, қалайы, висмут, сүрме, күміс бар.
Н. Попович зауыттың қаржыландыру сомасын, орналасу орны мен қуатын атаған жоқ.