21 -маусымда ҰҚК-нің шекаралық қызметі және KLM авиакомпаниясы Брюссельге ұшпақ болған И.Винявскийді жолынан қалдырған, ол Орталық Азия елдерінде сыбайластық проблемаларына арналған конференцияда баяндама жасауға тиіс болатын, деді редактор Алматыда сейсенбіде баспасөз мәслихатында.
И.Винявскийдің айтуынша, тіркеуден өткен соң шекара қызметінің қызметкерлері оны тоқтатып, Польшаға бар визасы Амстердамға ұшуға мүмкіндік бермейді, деп айтқан.
Журналистің айтуынша, содан соң авиакомпания оның билетінің күшін жойған.
И.Винявскийдің айтуынша, оның қолындағы польшалық виза «D» санатындағы виза, ол Шенген келісіміне қол қойған бүкіл елдерде 90 күнге дейін болуға мүмкіндік береді.
«Заң тұрғысынан бәрі дұрыс, мен жолға шығуға шектеу қойылатын тізімге жатпаймын», деді И.Винявский.
И.Винявский сот арқылы авиатасымалдаушыдан 500 мың теңге көлемінде өтемақы өндіріп алмақ.
И.Винявский әуежайдағы оқиғаның саяси астары болуы ықтимал екендігін де жоққа шығарған жоқ.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
7 Мамыр
Жаңалықтар
7 Мамыр
Жаңалықтар
7 Мамыр
Жаңалықтар
7 Мамыр
Жаңалықтар
7 Мамыр
Жаңалықтар
7 Мамыр
Жаңалықтар
7 Мамыр
Жаңалықтар
7 Мамыр
Жаңалықтар
7 Мамыр
Жаңалықтар
7 Мамыр