Онда Қазақстан банктері арасынан «Қазкоммерцбанк» екінші жылы қатарынан үздіктердің қатарыран табылды. Банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, Қазкоммерцбанк былтырғы жылмен салыстырғанда 368-ден 280-ші орынға көтеріліп отыр. Ал банк брендінің құны 2 есеге жуық өсіп, 184-тен 389 миллион долларға жетті. Жалпы әлемдегі ең қымбет 500 банк брендтерінің ішінде Қазақстаннан 2 қаржы институты еніп отыр. Олар — Қазкоммерцбанк (280 орын) пен Халық банкы (335 орын). Бұл тізімді 30,6 миллиард долларға бағаланған американдық «Bank of America» бастап тұр. Одан кейінгі 2-3 орынды тағы бір американдық «Wells Fargo» (28,9 млрд. доллар) мен британдық HSBC (27,6 млрд. доллар) түйіндеуде.