Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, жалын түнгі бірлер шамасында тұтаныпты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жеткенімен, желдің кесірінен күш алған тілсіз жау бес сағаттай бой бермеген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Жалынды ауыздықтауға 17 техника мен 60 адам жұмылдырылған.