«Мен «Теңізшевройл» компаниясының басшылығымен, оның ішінде бас директор Тим Миллермен кездестім. Оның маған мәлімдеуінше, оқиғадан соң «Теңізшевройл» «Доссор процессинг компании» ЖШС-мен арадағы келісімшартты бұзды», деді «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов.
Алдында хабарланғандай, 5-мамырда Доссордың жүзден аса тұрғыны наразылық білдіріп, теміржолды бөгеген, соның салдарынан Маңғыстау — Атырау жолаушылар поезының қозғалысы екі сағатқа, жүк поезының қозғалысы 1 сағат 20 минутқа тоқтатылған болатын.
Осы арқылы тұрғындар Доссор станциясында орналасқан күкірт өңдеуші мини-зауыттың жұмысына қарсылық білдірген.
Олардың айтуынша, бұл зауытта күкірт ұдайы еленеді, күкірттің ұсақ бөлшектері араласқан шаң бүкіл жерге таралады.
«Теңізшевройл» ЖШС-нің қатысушылары Chevron (50%) және ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), Қазақстан «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы арқылы (20%) ие және ресейлік -америкалық LUKArco бірлескен кәсіпорын (5%).
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр
Жаңалықтар
6 Мамыр