Оның айтуынша, ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов «Самұрық-Қазына» қорының басшылығымен газ құбырының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.
«Самұрық-Қазына» осы жобаны қаржыландыруға «Қазтрансгазға» Т8,5 млрд бөлу туралы шеншім қабылдады, ал Т7 млрд облыстық бюджет есебінен бөлінетін болады», — деді ол.
Екі жылда 141 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі. «Егер қазір бізде 170 елді мекен газбен қамтамасыз етілсе, енді екі жылда оған 141 елді мекен қосылады», — деді Б. Оспанов.
Осылайша, елді мекендерді газдандыру мәселесі шешіледі. «Бейнеу-Бозой» газ құбырының аяқталуын күтудеміз. Сол бітісімен қалған 7 ауданды газ� �андыру керек», — деді Б. Оспанов.