Экономикалары ең нашар елдердің тізіміне (өсу бойынша): Мадагаскар, Армения, Гвинея, Украина, Ямайка, Венесуэла, Қырғызстан, Свазиленд, Никарагуа және Иран, деп жазады басылым.
Forbes журналының түсіндіруінше, бірден бірнеше теріс фактор кездесетін экономика «нашар» деп саналады: жоғары инфляция, ЖІӨ-нің нашар өсімі, жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің аз болуы, теріс сауда балансы.
Журнал сарапшыларының пікірінше, 7-ші орын алған Қырғызстан табиғи ресурстарға бай ел болғанымен, тау өнеркәсібі мен металлургияны дамытуға шетелден капитал тартуда қиындықтар көріп лтыр. Басты теріс факторлар – жемқорлықтың жоғары деңгейі мен жұмыссыздық.
Transparency International-дың жемқорлықты қабылдау рейтингінде Қырғызстан 178 орынның 164-шісінде. ХВҚ мәліметтеріне сәйкес, елдегі жұмыссыздық деңгейі 11% құрайды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ небәрі $943, ал инфляция — 12,6%.
ХВҚ бағалауынша, елдегі инфляция 2011 жылы 18%-дан асады, ал ЖІӨ өсімі 5% деңгейінде болады.