«ҚР ҰЯО ГЗИ АСАЖӨО жедел мәліметтеріне сәйкес, 12 шілдеде Астана уақытымен 21 сағат 57 минутта (Гринвич уақытымен 15 сағат 57 минутта) Алматының оңтүстік-шығысындағы 460 шақырым жерде Қытай территориясында жер сілкінісі болды», — делінген сайтта сәрсенбі күні орнатылған хабарда.
Орталық мәліметтерінше, жер дүмпуінің ошағы: 41.94 градус солтүстік ендік, 82.35 градус шығыс бойлық; магнитудасы mpv=4.9; энергетикалық классы — 10.9 болған.