Қырғыз Республикасы арнайы қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 12 шілде күні жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында Тәжікстан Республикасының іздеуінде жүрген «Өзбекстанның ислам қозғалысы» атты ұйымның мүшесі, 1986 жылы туылған, Дағыстан Республикасының тумасы, Ресей азаматы Низами Әбиев қолға түсті.
Н.Әбиев Ресей, Өзбекстан және Ауғанстан азаматтарынан құралған бір топ сотталушылардың 2010 жылдың 23 тамызы күні Душанбе қаласының тергеу-оқшаулау орынынан қашуына қатысы бар болуы мүмкін. Сол оқиға кезінде Тәжікстан Республикасы құқық қорғау органдарының бірнеше қызметкері қаза тапқан еді.
Низами Әбиевке адам өлтірді, қылмыстық қауымдастық ұйымдастырды, қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар ұрлады және мемлекеттік шекарадан заңсыз өтті деген айыптар тағылауда.