1 маусымда ҚР халқының саны 16,5 млн адам болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 маусымда ҚР халқының саны 16,5 млн адам болды

1 маусымда ҚР халқының саны 16,5 млн адам болды

2011 жылдың басынан бері Қазақстан халқының саны 0,6%-ға артып, 1 маусымда 16,5 млн адамды құрады, деп хабарлайды ҚР статистика агенттігі.

  • 15 Шiлде 2011
  • 706
Фото - Caravan.kz

«2011 жылдың 1 маусымында ел халқының саны 16,5 млн адамды құрады. 2011 жылдың 1 қаңтарынан бері халық саны 0,6%-ға көбейген», — делінген статагенттіктің ай сайынғы есебінде.

Статмәліметтерге сәйкес, 2011 жылдың қаңтар-мамырында 152,7 мың сәби дүниеге келген, бұл өткен жылдың 5 айымен салыстырғанда 1,6%-ға көп. 1 маусымдағы жағдай бойынша, 1 мың тұрғынға шаққанда бала туудың жалпы коэффициенті 22,4 құрады.

Үстіміздегі жылдың 5 айында қаза болғандардың саны — 63,5 мың адам (+3,5%). Өлім-жітім коэффициенті сәйкесінше 9 болды.

«Өлім-жітімге себеп болған жағдайлардың ішінде қан айналымы жүйесінің аурулары басым (43%)», — деп хабарлайды статагенттік.

2011 жылдың 5 айында халықтың миграциялық өсімі 5,2 мың адамды құрады (2010 жылдың 5 айында – 6,1 мың). Елдің басты миграциялық айырбасы ТМД елдерімен арада жүзеге асады.