Брюссельде ШҚО Үржар ауданындағы балалар медициналық-әлеуметтік орталығының оқушыларын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Брюссельде ШҚО Үржар ауданындағы балалар медициналық-әлеуметтік орталығының оқушыларын қабылдады

Брюссельде ШҚО Үржар ауданындағы балалар медициналық-әлеуметтік орталығының оқушыларын қабылдады

Еуропалық парламент депутаты Струан Стивенсонның шақыруы бойынша Семей ядролық полигонында жүргізілген сынақтардан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысы

  • 15 Шiлде 2011
  • 778
Фото - Caravan.kz

Үржар ауданындағы балалар медициналық-әлеуметтік орталығының екі оқушысы ата-аналары және оқытушыларымен бірге 14 шілде күні Брюссельге келіп, Еуропалық парламенттің төрағасы Ежи Бузекпен, сондай-ақ шотландиялық еуродепутаттармен және Әулие Павл орта мектебінің оқушыларымен кездесті (Шотландия, Глазго қаласы).

Қазақстаннан барған екі бала, атап айтқанда он жасар Айдос Қажығалымов пен он бір жастағы Диляра Қабимулла ақ қан ауруына шалдыққан, олардың ата-аналары мен ата-әжелері кезінде Семей ядролық сынақ полигонында болған жарылыстарды бастан кешірген.

Ал Шотландиядағы Әулие Павл мектебінің екі оқушысы, он бір жастағы Эйдан Миллар мен Джемме Кэпмбелл Глазго қаласының әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынын шыққан. Бұл балалардың барлығы С.Стивенсон ұйымдастырған «Мен Еуропарламент төрағасымен неге кездескім келеді?» тақырыбында жазылған шығарма жазу байқауының жеңімпаздары.

Дети-Бузек-Европарламент Қазақстандық журналистерге берген сұхбатында С.Стивенсонның атап өткеніндей, бұл оқиғаның тарихы 2010 жылдың ақпан айында депутаттың Глазго қаласындағы Әулие Павл мектебінің оқушыларымен кездесу кезінде басталған, ол Еуропалық парламент мүшесі ретіндегі өз жұмысын баяндаған. С.Стивенсон шотландиялық балаларға Семей полигонының тарихы туралы және Шығыс Қазақстан облысындағы өздеріндей балалардың ядролық сынақтан қандай зардап шеккендігі туралы, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданына емге мұқтаж 500 балаға арналған арнайы мектептің ашылуына қатысу үшін Қазақстанға бара жатқандығын айтқан. Сол кезде шотландиялық балалар жүгіруден марафон, жәрмеңке ұйымдастырып, ал жиналған 233 фунт стрелингті үржарлық балаларға беріп жіберген. Ол сондай-ақ шотландиялық балалардың атынан жазылған хатты оқиды. Бірнеше ай өткен соң ол үржарлық балалардың атынан Әулие Павл мектебінің оқушыларына жіберілген көптеген фотсуреттер, өлең-жырлар мен хаттар алады.

Осыдан кейін балаларды Брюссельге шақырып, Еуропарламент төрағасымен кездесу ұйымдастыру туралы ой пайда болады. Сондықтан екі мектептің де он және он бір жастағы оқушылар арасында Еуропарламент төрағасымен неліктен кездескісі келетіндіктері туралы шығармаға жазуға байқау жарияланады.

Кездесу барысында Еурпарламент депутаты қазақстандық және шотландиялық балаларға олардың жазған шығармаларының ұнағанын айтып, барлық арман-тілектері орындалады деген үмітін жеткізді. Қазақстаннан барған балалармен әңгімелесу барысында Еуропарламент төрағасы: «Қазақстан орталықазиялық өңірдегі ең дамыған елдердің бірі болып табылады, сондықтан Қазақстан азаматы екендеріңді мақтан тұтыңдар» деген жылы лебізін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар