Қазір жергілікті билік апат аймағындағы барлық елді-мекенді қауіпсіз жаққа көшіріп жатыр. Төрт мың адам баспанасын тастап шыққан. Жанартаудың айналасы алты шақырым жерде жүруге тыйым салынып, аумақты толықтай құтқару қызметі, тәртіп сақшылары мен әскерилер қоршауға алды. Себебі:2 мың шаршы метрге дейін лава жайылған. Соның салдарынан Локон беткейіндегі орман өртеніп жатыр. Одан бөлек,жанартаудың күлі де көккеекі шақырымға дейін көтірілген. Бұл да елдегі әуе қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін.