Ең басты сұрақтың бірі — аспандап кеткен жанармай бағасы. «Бұл мәселе бір-екі күнде шешіледі»деген премьер,бағаны заңсыз көтергендердің жазасын алатынын да жеткізді. Жалпы еліміз бензин тапшылығынан 2015жылға қарай толық құтылмақ. Бірақ,жаңа мұнай өңдеу зауыттары салынбайды, тек қолданыстағы үшеуін күрделі жөндеуден өткізбек. Ал Кеден Одағы, Мәсімовтың пікірінше, еліміз үшін экономикалық жағынан тиімді. Ел тәуелсіздігіне, тіліне қауіп төндіріп жатқан ешкім жоқ, ортақ валюта да әзірге жоспарда жоқ. «Қытайға жер беріледі-мыс деген қауесет те даурыққандардың бос әңгімесі», — деді Преьмер. Көптен бері жұрттың ауызында жүрген хиджаб мәселесі де назардан тыс қалмады. Үкімет хиджаб киюге ешқандай шектеу қоя алмайды деп отыр Мәсімов. Жалпы,премьер жұрт қатарлы кітап оқығанды, ән тыңдағанды, спортпен шұғылданғанды жақсы көреді екен.