ШҚО Ішкі істер департаментінің бастығы Рашид Жақыповтың айтуынша, өткен жылы полицияға 87 көлік берілген, биыл тағы да 89 көлік тапсырылды.
Аймақтық ішкі істер департаментінің жетекшілері ведомствоның автопаркі 90 пайызға жаңарып отырғанын атап өтті. Автокөліктер барлығы 251 млн.теңгеге сатып алынған. Сондай-ақ әкімдік облыстық бюджеттен басқа да техника үшін қаражат бөледі, деп жеткізді ШҚО ІІД бастығы.