Ақтөбедегі өңіраралық экология департаментінде дау-дамай тыйылмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбедегі өңіраралық экология департаментінде дау-дамай тыйылмай отыр

Ақтөбедегі өңіраралық экология департаментінде дау-дамай тыйылмай отыр

Ақтөбедегі өңіраралық экология департаментінде дау-дамай тыйылмай отыр. Естеріңізге салсақ, осыдан бір ай бұрын экологтар басшысына қарсы наразылық ұйымдастырған соң директор Манас Орынбасаров қызметінен босатылған еді. Дегенмен бұрынғы басшы дертін желеу етіп, өзінің орнына келген Марат Білімовты бір апта бойы кабинетіне жолатпаған. Қазір бұл мекеме қызметкерлері екі тарапқа бөлініп, айтысып жатыр.

  • 22 Шiлде 2011
  • 756
Фото - Caravan.kz

«Тобыл-Торғай» өңіраралық экология департаментіне бір жыл бойы басшылық еткен Манас Орынбасаров қызметінен кеткенімен, кабинетімен қоштасқысы жоқ.Науқасын желеу етіп жатқан ол жаңа директор тағайындалған күні жұмыс бөлмесінің есігін құлыптап, мөрлеп кетіпті.Ал іздегендер оны таба алмай әлекке түскен.

Марат Білімов, «Тобыл-Торғай» экология департаментінің директоры:

-Есіктерді біздің жоқ уақытымызда отпечатовать етіп кеткен. Сол приемныйда отырған Абдрахманова деген қыз еңштеңе білмейді. Есінен танып қалған. Жоқ.

Қазір экология департаментінің еңбек күні айқайсыз басталмайды. Себебі ұжым екіге жарылған. Бірі бұрынғы, екіншілері жаңа басшыны жақтап әлек.

Жаңа директор Марат Білімов алғашқы күні-ақ бірқатар қызметкерлерді қысқартуға бел сыбана кіріскен.Қара тізімге іліккендердің барлығы Манас Орынбасаровтың кезінде жұмысқа алынғандар екен. «Бұрынғы басшымен қызметтес болдың деп жұмыстан қуу заңсыз ғой» деп налиды қысқартуға ұшырағандар.


Марат Білімов, «Тобыл-Торғай» экология департаментінің директоры:

-Мен бұларға шығатын туралы ескертпе бердім. Досмұрза деген адамға. Себебі ол осында штаттан тыс келісім-шартпен жұмыс істеп жатқан кісі. Қандай жұмыс атқардың десем. Атқарып жатқан жұмыс көлемі жоқ.

Мекемедегі қызметкерлерді қысқарту заңға сәйкес жүргізіліп жатыр дейді жаңа басшы. Жұмыстан кететіндердің барлығы штаттан тыс еңбек етіпті. Сөйтіп директор, қызметкерлерді қысқарту арқылы бюджет қаржысын үнемдемек көрінеді. Ал басы даудан арылмаған департамент жұмысы жақын арада жолға қойылмайтын сияқты.