«Волгоградтағы конкурсқа Польша мен ТМД елдері өздерінің үздік жас бишілерін жіберіпті. Қазақстаннан «Классикалық балет» номинациясында тек Мырзахан ғана болды. Бұл номинацияда оның тобында 15 адам болды. Олардың барлығы өте жақсы дайындалғанымен Мырзахан бәрінен озып шықты», — деді кіші академия балетмейстері Талғат Гатауов.
Мырзахан – Т. Гатауовтың бір оқушысы. Ақтөбе мен Астрахандағы халықаралық конкурстарда жеңген соң, ол жыл сайын Волгоградта өтіп тұратын «Музыкальная волна» конкурсына қатысуға шақырту алғанды. 2012 жылы қаңтарда ол Санкт-Петерборда өтетін халықаралық конкурсқа қатыспақшы.
Т. Гатауовтың өзі конкурстың ең үздік балетмейстері дипломын алды.
Санкт-Петербордан соң, М. Мыңбаев ақпан айында арнайы шақыртумен Берлиндегі іріктеу конкурсына қатыспақшы. Оны келешекте Германиядағы бір балет мектебіне оқуға шақыртуы да мүмкін.