Нысан жеке меншік жағажайдың аумағында орналасқан. Осы құрылыс басын келімсектер жатаққа айналдырыпты. Оларға жұмыс беріп отырған қожайындары темір төсектен басқа, ешқандай жағдай жасамаған. Барлығының Қазақстан аумағында тиісті құжатсыз жұмысқа жегілгені анықталып отыр. Енді келімсектер еңбегін заңсыз пайдаланған құрылыс нысаны бастығына қомақты айыппұл салынады.