Федералдық азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Петер Блезер бастаған германиялық делегациямен екіжақты келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы және азық-түлік саласындағы неміс-қазақстан ынтымақтастығы талқыланды. Кездесуге қатысушылар соңғы екі жылда атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындыларын шығарды. Сондай-ақ жаңа ілкі жобалар ұсынылды және ынтымақтастық салаларын кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.