Қарағандының Тәуелсіздік алаңында жаңа субұрқақ ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының Тәуелсіздік алаңында жаңа субұрқақ ашылды

Қарағандының Тәуелсіздік алаңында жаңа субұрқақ ашылды

Қарағандының орталығында, абаттандырылып жатқан Тәуелсіздік алаңында жаңа субұрқақ ашылды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2011
  • 642
Фото - Caravan.kz

«Бұл субұрқақ – Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай қала тұрғындарына тағы бір сыйлық. Осы мерейтойлық жылы біз қаланы абаттандырып жатырмыз. Биыл біз осымен 4-ші субұрқақ ашып отырмыз. Қала тұрғындары мен қонақтарының демалысы жайлы болсын деп тырысып жатырмыз», — деді Қарағанды әкімі Бауыржан Әбдішев өткен демалыста субұрқақтың ашылу салтанатында.

Келесі жылы Қарағандыда абаттандыру бағдарламасы бойынша 25 саябақты қайта жөндеу жоспарланған, деді қала басшысы.

Қала әкімдігінің ақпаратына сәйкес, Тәуелсіздік алаңын абаттандыруға жергілікті бюджеттен Т250 млн бөлінді. Субұрқақтың құрылысына Т37 млн жұмсалды.

«Орталық кеседен шығатын су 7 метрге дейін атқылайды. Субұрқақ автоматты режимде жабық циклмен жұмыс істейді. Қапталған гранит Қытайдан әкелінді. Еуропалық, қытайлық және ресейлік өндірушілердің жабдықтары сатып алынды», — дейді мердігер-фирманың қызметкері Рамзан Садулаев.

Тәуелсіздің алаңын абаттандыру жұмыстары жалғасады. «Қарашада бұл жерде Тәуелсіздік стелласы ашылады», — дейді әкімдіктің өкілдері.

Перейти к новостям спорта