Қазақстандық жастар БҰҰ-ға АҚТҚ жұқтырған журналист туралы фильм түсіруді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.31
  • 543.72
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жастар БҰҰ-ға АҚТҚ жұқтырған журналист туралы фильм түсіруді ұсынды

Қазақстандық жастар БҰҰ-ға АҚТҚ жұқтырған журналист туралы фильм түсіруді ұсынды

Қазақстандық жастар UNAIDS-тің жастар және АҚТҚ проблемасы жөніндегі жаңа стратегиясы үшін ЖҚТБ-мен күрес бойынша шараларды өзгертудің ғаламдық тұжырымдамасын әзірледі, деп ЖҚТБ-мен күрес жөніндегі республикалық орталық баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Желтоқсан 2011
  • 653
Фото - Caravan.kz

Мысалы, жастар бас кейіпкері ЖҚТҚ жұқтырған журналист туралы сериал түсіруді ұсынады, себебі «тартымды оқиға адамдарды жанашырлық танытуға мәжбүрлейді».

«Егер оқиға мәнісіне түзу акцент қойылса, ол дұрыс көзқарас қалыптастырады. «Доктор Хаустан» кейін американдықтар үкіметтің медицина саласындағы реформаға деген көзқарасын өзгертті. «Солдаты» сериалы мыңдаған ресейлікті әскери қызметтен қашпауға итермеледі. Келесі сериалдың кейіпкері ЖҚТҚ жұқтырған даулы журналист болсын. Ол өз өмірін әділсіздікпен күреске арнасын», — делінген тұжырымдамада.

Сондай-ақ жастар «ЖҚТБ амандасудан, және ойындар арқылы басқаға берілмейтіндігін» қоғамға деткізу үшін әртүрлі флешмоб өткізуді ұсынды.

«Адамдар бір сәтке болса да осы проблемамен ұшырассын, сонда олар ұялып қалады. Шошыту терапиясы реакцияны тездетеді», — делінген тұжырымдамасында.

Айтылған ұсыныстар арасында ЖҚТБ жұқтырған адамдар өздері туралы ашық айтып, вирустың берілу жолдары туралы көпшілікке түсіндіру керектігі, ЖҚТБ-мен де тыныш өмір сүруге болатындығын, оған қоғам тыныш қарай алатындығы туралы да ұсыныстар болды.

Тұжырымдаманы әзірлеу және қабылдауда қазақстандық 30 ЖОО-ның 2 мыңнан астам студенттері қатысты. Оны дайындаудың бір кезеңінде АҚТҚ жұқтырған адамдардың өмірі мен оларға көрсетіліп отырған дискриминация және стигма туралы «Өмір үшін күрес» пікірталас турнирі болды.