Тыңдау құпия жерде отырып, көрсетулер айтып отырған Шалабаевпен бейнебайланыс орнатуда туындаған техникалық проблемаларға байланысты бір сағатқа кешігіп басталды.
Қайтадан әңгіме С. Шалабаевтың Лондондағы қызметі және оның Eastbridge Capital компаниясы мен оның директоры Александр Удовенкомен ынтымақтастығы туралы өрбіді. БТА банк заңгерлерінің мәліметтерінше, М. Әблязов дәл осы Eastbridge Capital арқылы оффшорлық компанияларын басқарып отырған. Бұл құжаттар рейдтік тексеруде анықталған.
С. Шалабаев оқиғаның былайша өрбуін теріске шығарып, Eastbridge клиенттерінің арасында тек қана М. Әблязовтың компаниялары ғана емес, көптеген тәуелсіз фирмалар болды деді. Бұл ретте ол тікелей өзіне қатысты компанияларды атап шыға алмай, ол баз бір компаниялардың бенефицарлық иесі, ал баз бір компаниялардың атаулы иесі болғанын алға тартты.
С. Смиттің неліктен көптеген құжаттар артқы күнмен рәсімделген деген сауалына, С. Шалабаев ол әдеттегі күнделікті тәжірибе деп жауап берді.
Жалпы алғанда, ол жұмыс істеген компаниялар туралы С. Шалабаев нақты жауап бере алмай, бұл жағдайлар миллиондаған доллар қаражат аударумен байланысты және соңғы екі жылда болса да үнемі ол оқиғалардың, не құжаттардың есінде қалмағанын алдыға тартып отырды.
Түскі астан соң адвокат С. Смит М. Әблязовтан активтерін ашуды талап еткен және оларды қамауға алу туралы сот бұйрығын ол алған соң С. Шалабаевтың М. Әблязовпен байланыстарына қатысты жауап алуға кірісті. С. Шалабаев М. Әблязов ешқашан одан осы екі бұйрыққа жауап дайындау туралы өтініш жасамағанын, бірақ М. Әблязов үшін қаржылық басқарумен айналысып жүрген қандай да тұлғаларға оның жүгінгенін айтты. Оның кім екенін С. Шалабаев айтудан бас тартты, бірақ кейін ол адамның сотқа таныс екенін мойындады. Бірақ сот көпшілік үшін ашық болуы себепті сотта оны «мүгедек С» деп атады.
Одан кейін С. Шалабаев өзі басқарған оффшорларға қатысты сауалдарға жауап беріп, бірақ олардың шын иелері кім екендігін, сотта аталғандарынан басқасын айтудан бас тартты. Бірақ шағымданушы тарап бұл компаниялардың барлығының болмаса да көпшілігінің шын иесі Мұхтар Әблязов екендігін айтып, ал С. Смиттің айтуынша, компаниялар мен активтер жасырын болуы үшін оны М. Әблязовтар сот бұйрығын бұза отырып, жалған адамдарға жазылған.
БТА банк заңгерлерінің айтуынша, С. Шалабаев дәл осы М. Әблязовтың активтерін жасырумен айналысқан.
Ол неліктен 2010 жылы компанияларын шын иесіне қайтарып бере бастадыңыз деген сауалға С. Шалабев, оны өзінің клиенттеріне зиянын тигізбеу үшін жасадым деп жауап берді. Оның айтуынша, «ол бақытына қарай, Мұхтар Әблязовтың туысы болғанына қарамай, М. Әблязовтың төңірегіндегі болып жатқан оқиғалар оған да әсер етеді, ал ол өз кезегінде оның клиенттерінің бизнесіне де зиянын тигізеді».
Одан соң, куәгер басқа адамдардың аттарын атаудан бас тартып, қауіпсіз мемлекеттерде өмір сүріп жатқан олар өз мемлекеті тарапынан көрсетілетін қысым деген не екенін білмейді деп мәлім етті. Бірақ оны судья Тир бөліп жіберіп, шағымданушы тараптың адвокатының сауалдарына жауап беруін сұрады.
Тыңдаулар соңында С. Смит шағымданушы жақтың тізімде аталған компаниялардың барлығы болмаса да, көп бөлігі М. Әблязовқа тиесілі деген ұстамын жеткізді. Куәгер онымен келіспейтіндігін мәлімдеді.