«Қордайдың» мәселесін жаңадан ашылатын «Қарасу» шекара бекеті шешуі тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 461.55
  • 540.38
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қордайдың» мәселесін жаңадан ашылатын «Қарасу» шекара бекеті шешуі тиіс

«Қордайдың» мәселесін жаңадан ашылатын «Қарасу» шекара бекеті шешуі тиіс

Шыны керек, «Қордай» шекара бекетіндегі жағдай ауыр болды. Қазір де ол оңып тұрған жоқ. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев

  • 26 Сәуiр 2012
  • 442
Фото - Caravan.kz

айтты.

«Мен ондағы жағдайды басқаша сипаттай алмаймын», — дейді комитет басшысы. Оның айтуынша, 50-70 адамнан құралған топ «Қордай» бекетінде сан алуан заң бұзушылықтардың бастамашысы болып жатады. Олар шекарада тұрып қалған саудагерлерді алдына салып алып, кедендік бекеттің тас-талқанын шығаруға дейін барады. Қазіргі кезде комитет аталған топ бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. «Бәлкім, алдағы уақытта жаңа «Қарасу» шекара бекеті ашылғаннан кейін, «Қордайдағы» жағдай тұрақталады», — дейді М.Есенбаев.

Комитет басшысы атап көрсеткендей, бүгінгі таңда Қазақстан мен Қырғызстан арасында арнайы үкіметаралық хаттамаға қол қойылды. Оған сәйкес, қазақ-қырғыз шекарасы бірлесіп бақыланатын болады.