Айнар Нұрәлім “Қызыл ту” ауылындағы нөмір 2-ші мектептің оқушысы. Әдеттегідей 2 сәуір күні сабақтан үш қыз болып бірге қайтады. Алайда, құрбылардың жолы ажыраған сәтте, әлдебіреулер Айнарды артынан келіп, көлікке басып әкеткен. Айтуынша, айдалаға апарып сол жерде ойларына келгенін істепті.
Айнара Нұрәлім, жәбірленуші:
— Мен осы жағдайдан кейін мектепке барғым келмейді. Өйткені балалардан ұяламын, бәрі қолымен көрсетіп мазақтайтын сияқты.
Содан бері, 8-ші сынып оқушысы мектеп табалдырығын атағысы жоқ. “Өз-өзіне қол салама” деп, жалғыз басты анасы да алаңдаулы. Сондықтан, аптасына екі мәрте психологқа қаратады. Ал 14 жасар қызға жәбір көрсеткен бұзақылар өзінің ауылдастары көрінеді. 2-3 үйден кейін бір көшеде тұратын жігіттердің көзін көруге біз де бардық. Жазғырылғанның айтуынша, бірі Шәміл есімді, қырықты еңсергелі отырғалы азамат екен. Бірақ, анасы баласының бұндай бассыздыққа бармайтынына сенімді.
Маулия Чубанова:
— Ол сол күні бір жарымда үйде болды, мас болып келді. Ешқайда шыққан да жоқ қой. Соған ұқсайтын бір бала бар дейді ғой мына жақта.
Ал екінші күдікті із суытып үлгерген. Десе де, арада бір ай өткенімен, жеткіншек қызды жәбірлеген қаскөйлердің ешбірі жауапқа тартылмапты. Тіпті тергеуге алынған екеуі сол күні-ақ бостандыққа шығып кеткен көрінеді. Бірақ, бұл жағдайға қатысты Талғар ауданы ІІБ жарытып ештеңе айта алмады.
Дәулет Бектемісов Талғар ауданы, ІІБ кезекші бөлімнің бастығы
— Тергеушіге хабарластым. Тергеуші демалып жатыр, материал бастығымда дейді. Жылдың аяғы, “есеп беру уақыты” бастығы Талдықорғанға кеткен.
Айнар болашағына балта шапқандар жазасын алса екен дейді. Сондықтан, туыстары облыстық прокуратураға шағым түсірмекке дайын отыр. Ал болған жағдайды басынан өткерген жеткіншек болашақта психолог болғысы келеді.
— Психолог болғым келеді
— Неге?
— Өзім сияқты адамдарға көмектескім келеді