"Тағы да қайталап айтамын". Мәжіліс спикері депутатқа ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тағы да қайталап айтамын". Мәжіліс спикері депутатқа ескерту жасады

"Тағы да қайталап айтамын". Мәжіліс спикері депутатқа ескерту жасады

Бүгін Мәжіліс отырысында спикер Ерлан Қошанов депутаттардың біріне ескерту жасады.

  • 27 Наурыз
  • 65
Фото - Caravan.kz

Бұл ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация жобаларын қаржыландыру туралы заң жобасын талқылау барысында болды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Тиісті заң жобасын парламенттің төменгі палатасында Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев таныстырды.

Сұрақ-жауап кезінде депутат Лұқбек Тұмашиновқа сөз кезегі келгенде ауылдардағы ет, жүн, былғары және басқа да өнімдерді өткізу және өңдеу жөніндегі дайындау пункттерін қалпына келтіру туралы министрдің пікірін білуді жөн көрді.

Шарлапаев депутаттың өзекті мәселе көтергенін, бірақ бұл мәселені Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе қарастыру керек екенін айтты.

Бұл ретте Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттардан заң жобасынан алшақтамай, тақырып төңірегінде сауалдар қоюды сұрады. Жауап ретінде Лұқбек Тұмашинов наразылығын білдірді, бірақ оның нақты не туралы айтқаны естілмейді, өйткені сол сәтте оның микрофоны өшіп тұрған.

«Тағы да қайталап айтамын. Заң жобасының мәтінінен ауытқымайық. Депутат Тұмашиновтың микрофонын қосыңыз. Не сұрағыңыз келді? Сұраңыз», — деді Қошанов оған.

«Менің айтқаным: тері мен жүннен желатин өндіруге болады. Әлемде сұраныс бар ғой», — деп жауап берді мәжілісмен және микрофонды итеріп жіберді.

«Желатин өндіруге бола ма, жоқ па? Айтыңыз», — деді спикер Шарлапаевқа.

«Болады, болады», — деп жауап берді министр жымиып.