Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот процесі кеше өтті.
Сот процессін бүкіл Қазақстан тікелей эфирде көру мүмкіндігіне ие болды.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа басында «Адам өлтіру» бабымен айып тағылған. Іс 99 бап, 5 тармақ «Аса қатыгездікпен адам өлтіру» бойынша қаралады. 16 қаңтарда Қуандық Бишімбаевқа «Қинау» айыбы тағылды.
Қуандық Бишімбаев тағылған айыпты мойындамайтынын жеткізді.
«Мен кінәні мойындамаймын. Адам өлтіруді асқан қатыгездікпен жасаған жоқпын», — деді ол.
Келесі сот отырысы 29 наурыз күні сағат 10:00-де өтеді.