Қайғылы оқиға Ақтөбе облысының Белқопа ауылында болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әкімдіктің айтуынша, 2 сәуір күні сабақтан кейін төрт бала көшеде ойнап жүрген. Осы кезде бір бала еріген қар суына түсіп, қайта шыға алмай, тұншығып қайтыс болды.
Марқұм баланың әкесі жергілікті мектепте күзетші болып істейді, баланың 10 жаста болғаны айтылды.
«Ұжым отбасына қажетті көмек көрсетіп жатыр», — делінген әкімдік таратқан мәліметте.