"Шардарадан су тасып бастаса, Түркістан, Қызылорда жоқ дей беріңіз": Су саласының білікті маманы тасқынға байланысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шардарадан су тасып бастаса, Түркістан, Қызылорда жоқ дей беріңіз": Су саласының білікті маманы  тасқынға байланысты пікір білдірді

"Шардарадан су тасып бастаса, Түркістан, Қызылорда жоқ дей беріңіз": Су саласының білікті маманы тасқынға байланысты пікір білдірді

Еліміздің Су ресурстары комитетін ұзақ жылдар басқарған Ислам Әбішев еріген қар суынан болатын тасқынды болжауға, алдын алуға болатынын айтты.

  • 8 Сәуiр
  • 443
Фото - Caravan.kz

Білікті су маманы «Adal Adam» You Tube арнасына берген сұхбатында елімізде су тасқыны болатынын Қазгидромет алдын ала ескерткенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Биліктегілер жауапкершілік алғысы келмейді. Ал жауапкершілікті алмаған жерде, жауапты жұмыс та болмайды. Министрлікте де, әкімдікте де жауапкершілік алу деген жоқ. Көптеген жерде қарапайым әрі азғантай тірлікті істемегендіктен қиын жағдай туып жатыр. Төтенше жағдай вице-министрінің «су біз күтпеген жақтан келді» дегені мүлде дұрыс емес. Су кез келген уақытта келуі мүмкін ғой. Ол кісінің бұл мәлімдемесі ұяттау болған екен», — деді Ислам Әлмаханұлы.

Сондай-ақ, Ислам Әбішев қар суынан болатын су тасқынына қарағанда, ірі су қоймаларынан болатын апаттың әлдеқайда қауіпті екенін де тілге тиек етті.

«Су тасқыны болатыны туралы ақпарат Қазгидрометтің болжамдарында болды. Оны Қазгидромет ескертпесе де, облыс, қала, аудан әкімдері ойлану керек. Қазгидрмет дабыл қағып, шу шығаратын блогер емес, ресми түрде ақпаратты жіберіп отырды. Ал, Қазсушар қай өзенде, қай тоғанда қандай су барын, су қоймаларындағы су көлемін анықтайтын, жауапкершілігі өте үлкен мекеме. Қызылағаш трагедиясын бәріміз жақсы білеміз. 33 млн кубометр су қоймасы жарылып, бір елді мекенді жоқ қып жіберді. Осыған ұқсас жағдай Қарағандыда да болды. Біз білетін 60 жылдық тарихтағы ең ауыр екі жағдай. Осының екеуінде де жекеменшік су қоймасы жарылды. Екеуіне де кезінде бас инспекциясның мамандары ескерту жасаған, бірақ тыдамаған. Қазір Қазсушардың жауапкершілігінде Қапшағай, Шардара су қоймасы, Көксарай секілді ірі су қоймалары бар. Соның барлығын бақылауда ұстау отыру үлкен біліктілікті талап етеді. Тәуелсіздік алған 34 жыл ішінде мемлекеттік меншіктегі су құрылымдарының апаты болған жоқ. Бұл тұрғыдан шүкіршілік етуіміз керек. Құдай сақтасын, 33 млн кубометр су қоймасы жарылғаннан бір ауыл жоқ боп кетсе, ірі су қоймасы жаырлса не болатынын ойлай беріңіз. Шардарадан су тасып бастаса, оны ұстап тұра алмайсың. Жол-жөнекей орналасқан Түркістан, Қызылорда жоқ дей беріңіз. Сондықтан ол өте қауіпті. Қазіргі жағдай еріген қар суынан болып жатыр. Оны ертерек көріп, біліп, алдын алуға болатын еді. Ал жоғарыда мен айтқан жағдайда су қоймаларын басқарып, ештеңе істей алмасыз. Бірақ, соны мамандар 34 жылдан бері тастай қылып ұстап келе жатыр», — дейді ол.