"Қатын сөйлей береді. Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа деген қоғам қалыптасты": Ринат Зайытов қыздардың мәртебесі төмендегенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қатын сөйлей береді. Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа деген қоғам қалыптасты": Ринат Зайытов қыздардың мәртебесі төмендегенін айтты

"Қатын сөйлей береді. Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа деген қоғам қалыптасты": Ринат Зайытов қыздардың мәртебесі төмендегенін айтты

Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылданды. Осы заң қоғамға қалай әсер етеді? Не өзгереді?

  • 29 Сәуiр
  • 57
Фото: видеодан алынған

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов осыған байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Біз бұрын қандай қазақ едік? Қызының шашына шолпы тағып, басқа үйге кеткен қыздың шолпысының сыңғыры естілмей қалса, артынан кісі жіберетін қазақ едік. Келіндеріне рудың атын берген қазақ едік. 

Қазақ қай заманда да қызына төрден орын беріп, ерекше сыйлап, еркелете білген. Талғамы биік халқымыздың тамаша қасиетін әйгілейтін шолпы бұйымы, қызды әдемілікке, тектілікке, сонымен қатар сыпайылыққа үйретеді. Қазақ қызының көркіне әр беріп, асылын жарқырататын да – шолпы.

Шолпы таққан бойжеткеннің сыртта келе жатқанын үй ішіндегілері шолпының сыңғырынан естіп, үлкендер жинақтала бастаған. Сонымен қатар, шолпы таққан бойжеткен оғаш қылық жасаудан аулақ болады. Өйткені, оның сыңғыры оқыс қимылдарға тосқауыл болады.

«Сол қоғам деградацияға ұшырап, қазір «қатын сөйлей береді, әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа деген орта қалыптасты. Бүгін некесін қиып, ертең талақ ете салатындар қаптады. Түбі мәжбүрлеп осы заңға әкелді. 

Әйтпесе, бұл заңның екі ұшы бар. Қаншама отбасы осы заңнан бұзылуы мүмкін. Тіпті ата-анасы телефонын бермей қойғаны үшін баласы 102-ге хабарласып, бәле жауатын жағдайлар да бар. Осы кезде заң кімнің жағында болады?

Әрине, барынша жан-жақты қамтуға тырыстық. Дегенмен балаларға осындай зорлық көрсетіліп жатқан кезде, бұл заң керек. Адам деградацияға ұшырағаны соншалықты, өз қызын зорлайтындар да табылып жатыр. 

Әйелдерді ұру деген ерлік пе? Мен соны түсінбеймін. Әйел деген қазір ер адамның алдында мүмкіндігі шектеулі адамға айналды. Бір шаңырақтың астында тұра алмасаң, ажырасып кет. Сен оны сабағанымен, ол түзеліп кетпейді. Басқа не дейміз? 

Өзім ешқашан әйеліме қол көтерген емеспін. Тіпті қыз балаға, студент кезімде офицерлік сөмкем тиіп кеткен кезде, шошып кеткенім бар. Содан бері қыз балаға қол көтеруден аулақпын.

Негізі, елімізде сот жүйесі, атап айтқанда конституциялық және жоғарғы сот дұрыс істесе, бүгінгі мәселелер болмас еді. Ол кезде әділдікті талап ететін инстанция болатын еді. Сондықтан қазіргі сот жүйесіне реформа керек. Оны Президент те айтып жүр. Себебі сол жерде әлі де бұрынғы Қазақстанның адамдары отыр. Әділдік жоқ жерден не іздейсің?,- дейді Ринат Зайытов.