"Тағы да Дядь Вовамен қорқытуын бастады": Ресей азаматшасы ҚР полициясына қатысты Ресей Президентіне шағымданбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тағы да Дядь Вовамен қорқытуын бастады": Ресей азаматшасы ҚР полициясына қатысты Ресей Президентіне шағымданбақ

"Тағы да Дядь Вовамен қорқытуын бастады": Ресей азаматшасы ҚР полициясына қатысты Ресей Президентіне шағымданбақ

Рүстем Есімханұлы есімді қоғам белсендісі Шымкент қаласында бір жерге ғана шыққан әкім қаулысымен үш жерге иелік етіп отырғандарды әшкереледі.

  • 14 Мамыр
  • 98
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қоғам белсендісінің айтуынша, бұл заңсыз әрекеттің кесірінен отандық өндірушілер өз істерін тоқтатуға мәжбүр болған. Бір жерге шыққан қаулымен үш жердің егесіне айналған азаматтардың баласы сол ауданға қарасты прокурордың орынбасары болып шыққаны да бұл заңсыздықты түсіндіріп тұрғандай.

Аталмыш заң бұзушылықтарға арыз жазған Рүстем Ашетаев өзіне қоқаң-лоқы көрсетіліп жатқанын айтты. Айтуынша, жерге иелік ететін М.Низовкина есімді азаматша Ресей азаматы болып шыққан. М.Низовкина Рүстем Ашетаевтың қатысты қарсы арыз жазып, егер оның арызы бойынша құқық қорғау қызметкерлері істі дұрыс жүргізбейтін болса, қазақстандық полицияның үстінен Ресей Президентіне шағымданатынын айтқан.

«Мыналар көрші елдің президентімен қорқытуын бастады.

Сонымен, М.Низовкина өзінің заң бұзушылықтары үшін жазылған менің арызымнан соң жазадан құтылу үшін Ресей консулын сотқа араластырып, “Баласы мен күйеуі, туысқандары осында болуына байланысты…” деген сот шешімімен депортация жасалмай қалған еді(Әзірше. Аппеляциялық сатылар әлі күтіп тұр).

Енді бұл Ресей азаматшасының күйеуі(ҚР-ның азаматы) менің үстімнен “Балам жайында ақпарат таратты. Оның өміріне булинг жасалуда. Заңсыз жолмен ақпаратқа қол жеткізген…” деген сарындағы арыз жазыпты. Үстімнен қылмыстық іс аштырмақшы. Жәрәйді.

Бұл арыздан қорқатын түгіде жоқ. Қай айыптары болса да жауап беруге дайынмын ғой.

Мені таң қалдырып отырғаны — ҚР-ның азаматы(күйеуі) екінші бір ҚР-ның азаматының(менің) үстімнен жазған арызында “Егерде Ашетаевтың үстінен жазылған арызы бойынша дұрыс жұмыс жүргізілмейтін болса, полицияның үстінен айдаладағы Ресейдің Президентіне шағымдану құқығын пайдаланамын” депте-е-ее!

Сіздер мына жазбадан бірдеңе түсіндіңіздер ме? Сонда қалай болғаны?

Бір ҚР-ның азаматы екінші бір ҚР-ның азаматының үстінен арыздана отырып, ҚР-ның полициясы “дұрыс жұмыс істемесе” көрші мемлекеттің президентіне шағымданамын деп қорқытады екен.

“Баласы осында ғой(Баласына да Ресей азаматтын алып берген), күйеуі мен туыстары осында ғой” деп ҚР-ның бірнеше заңдарын бұзып, ҚР-ның ішкі саясаты — сайлау процесіне араласып қатаң тиым салынған іспен айналысқан Ресей азаматшасын депортациядан алып қалған біздің “гуманный” сотымыз жасасын!!!

Ал олар — әйелі өзінің заңсыздығына араша түсуге Ресей консулынан көмек сұрайды, күйеуі ҚР-ның азаматы бола тұра Ресейдің президентінен көмек сұрайтынымен қорқытады.

Ал мен Шымкент қаласының Прокурорының жеке қабылдауына (жазылған болсам да) жолыға алмай қайтып барамын», — деп жазды Рүстем Есімханұлы.