Егер латынға көшсек, онда кейінгі ұрпақ кириллицамен жазылған 100 жылдық әдебиет пен тарихты тағы да оқи алмай қалады, деп дабыл қақты журналист Сәуле Әбілдаханқызы, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Мыңдаған, жүзмыңдаған, миллиондаған әдебиет пен тарихты ешкім латын харпінде қайта басып шығармайтыны түсінікті. Солайша, 200 жылдық әдебиетіңіз бен тарихыңыз 99% жоғала ма? Жоғалады.
Солайша өзінің төл әдебиеті мен төл тарихын қақпайтындар, өзін танымайтындар, өзегін білмейтіндер эстафетасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мәңгүрттер тізбегі үзілмей кете береді.
Өзін танымайтын ел қайдан дамысын.
Қазақтың (жалпы түркілердің) басының біріккенін, дамығанын қаламайтындардың саясаты 100 жыл бойы жүзеге асып келе жатыр.
Латынға көштік делік. Онда бір сөзді он түрлі етіп әркім білгенінше жазып, бір ұрпақ жаппай сауатсыз боп қалыптасатыны түсінікті.
Сосын келесі ұрпақ енді ғана латынша жорғалай бергенде қайтадан харіп ауыстыратын болады, оны біз көрмейміз. Егер қазақ осы алауыз бетімен кете берсе, солай болатынына, әлемдік саясат тізгінін ұстаушы жауыздар 100 жылдан кейін тағы да қазақ сорлының харпін ауыстыратынына (әдейі солай жасайтынына) 100% кепілдік берем, деді журналист.
О заманда да билік пен халық дәл осы суреттегідей болып қала береді.
Әбілхан Қастеевтің саяси шедеврлерінің бірі: «Билік пен халық».