Үтік басу, шарап ішу және хиджап кигендер мен сақалдылар - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үтік басу, шарап ішу және хиджап кигендер мен сақалдылар

Үтік басу, шарап ішу және хиджап кигендер мен сақалдылар

Күні кеше Атырауда болған жағдайды көзімізбен көрдік. Видеосын. Шындығында, мұндай оқиғаларға етіміз үйреніп барады.

  • 13 Маусым
  • 39
Фото: ашық дерккөз

«Иманы толық» сақалдылар қатігез келеді, деп жазды қоғам қайраткері Тоқтарәлі Таңжарық. Caravan.kz медиа порталы толық шолу жасайды. Әсіресе, базарда. Телефон сататын жерде. Алдындағы клиентін кәпір деп ойлайтын болса керек, екі сөзге келмей, дікеңдеуге бейім. Сондай біреудің жасы егде тартқан жуастау кісіні күйдіріп, сатып алған телефонын ауыстыруға мұрса бермей, жағасынан ала түскенін көргемін. «Мұның не?» деп ажыратқандарға, «бұларға солай етпесең, басыңа шығады» деген.

Біздің биліктегілер де халыққа ұрсып, ақырып сөйлемесең, олар басынады деп ойлайды. Аздап министрлік яки әкімшілік жағалаған кішкентай шенеуніктердің көбі осылай. Демек, имансыз дін жоқ екен. Иман дегеніміз — ең алдымен адамның қақы мен үлкенге құрмет, кішіге ізет емес пе? Мейлі, қай дінде, қай мазхабта, қай ағымда болса да, оған құрметпен қарау. Ал біздің сақалды балдар оны керісінше түсінеді. «Кәпірлерді» аямау керек, оларды аясаң, өзің жапа шегесің» деген ұстаным.

Түбі ирандық, қазір Парижде тұратын жазушы Маржан Сатрапидың «Персеполис» атты комикс романын (ақ-қара түсті суреттермен) оқысаңыз, біздің кейбір әрекеттеріміз Ирандағы 1970 жылдарды көз алдыңызға әкеледі. Маржан — Иранның соңғы шахының немересі, Тегеранда дүниеге келген ақсүйек әулеттің тұқымы. Ол бала кезінде көргенін осы романда бейнелеген.

1979 жылы Иранда революция болып, мемлекет бет-бейнесі 180 градусқа өзгереді. Билік басына сақалды исламшылдар келеді. Олар келе салып мектеп пен университеттердегі оқуды тоқтатып, «кәпірлердің оқуын тоқтатып, исламға сай оқу бағдарламасын» түзеді. Қыздарға хиджап кигізіп, ұлдарды «еркек» болуға тәрбиелейді. Бұрынғы зайырлы қоғам бір сәтте тұншығады. Кітап сол кез туралы өте шынайы әңгіме өрбітеді. Күні кеше еркін жүрген, шарап ішіп, ән салып, сауық құрып, кәсіп ашып, қыздар мен ұлдар мектепте, университте бірге оқып жатқан ел енді исламшылдардың құрсауымен өмір сүретін кезге жетеді. Бұған халық наразы. Күнде шеруге шығады. Соның бірінде шерушілерді ұрып-соғып, өлтіріп, кейбірінің арқасына үтік басып қинайды. Үтік! Қаңтарда үтік басқандар мұндай жауыздыққа қалай барды деп таңғалып ек қой. Сөйтсек, диктаторлық режимдегі елдерде бұрыннан бар екен. Біздің «заманауи полицейлер» өздері ойлап таппапты. Бұрыннан қолданатын тәсілдері екен…

Кітап 11 жасар Маржанның отбасындағы түрлі эмоцияларды, пікірталасты, олардың қоғаммен қарым-қатынасын сөз ете отырып, тұтас Иранның жағдайын шебер жеткізеді. Бір жерінде аһ ұрып, бір жерінде күлесіз. Өйткені, мемлекеттік пропаганда мен «ұлтшылдық» қоғамнан қанша қиындық көрсе де, биліктен қанша жәбір тартса да, өзінің халқын өз істегеніне иландырады. Иракпен соғыс кезінде бәрі өз билігінің батырлығына, батылдығына, Иракты жеңетініне сеніп, Ирак пен өзге «жаулардың» қанқұйлылыға өшігеді. Кішкентай Маржанидың өзі Саддам Хүсейнді жек көріп, Иранның тілеуін тілейді. Ал сол Иран соғыстың тасасында билікке қарсыларды аяусыз жазалайды, Маржанның отбасын, бауыр-туысын қинап, түрлі зобалаң әкеледі. Бұған Маржан қыз наразы, түсінбейді, неге бұлай деген сұрақпен басы қатады. Бәріне Иранның бұрынғы шахтарын (өзінің аталарын) кінәлайды. Батыстың мұнай үшін Иранды талан-таражға салғанын да кешіре алмайды. Елдегі шенеуніктердің жемқорлығына жыны ұстайды. Ондай мемлекеттік әңгімелерді зерек бала әкесінен естиді. Ақыр соңында елдегі мүмкіндігі барлар мен зиялылар, бұрынғы ақсүйектер тұқымының аман қалғандары шетелдерге кетеді. Америка, Еуропа асады. Маржанның отбасы да сол лекпен бірге Парижге аттанады.

Комикс романның мазмұны өте кең. Оқиға да көп. Полицейлердің жемқорлығы, биліктегілердің халықты дін үшін жазалап, өздері ойнап-күлетіні, әйелдерді адам құрлы көрмеу қалыпты жайт екені, қоғамды исламшыл және исламға қарсылар деп бөлетіні, өрімдей жастарды көшеде қырып, хиджап кимеген әйелдерді зорлап, билікке сын айтқандарды өлтіру, қамау, жоғалтып жіберу қалыпты дүниеге айналғаны… бәрі де бар. Бұл романды оқуға аз уақыт кетеді, екі-үш сағат. Бірақ қорыту, қабылдау, оның әсері бөлек, ұзақ уақыт алады. Өйткені, бір сөйлеммен яки бір диалогпен берілген оқиғаларда қанша ауыр тағдыр жатқанын сезесіз. Қарапайым, бірақ ауыр. Өз қоғамыңмен салыстырасың. Бізге ол күн келмесін деп ойлайсың. Біздің елдің жаңа дәуір тарихынан мұндай роман жазылмасын деп тілейсің. Бірақ ұқсастықтардың өте көп екенінен зәрең ұшады…