Құдайдың жаңбыры үшін халық неге салық төлеуі керек? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құдайдың жаңбыры үшін халық неге салық төлеуі керек?

Құдайдың жаңбыры үшін халық неге салық төлеуі керек?

Депутаттар жаңбыр суын қалай тазартып есептеу керек екенін өздері де білмейді.

  • 17 Маусым
  • 43
Фото: ашық дереккөз

Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері Су кодексінің жобасы аясында жаңбыр суына тариф енгізуді талап етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Дегенмен, жаңбыр суы ақылы болғанын қалайды.

Мәжілістегі Аграрлық мәселелер комитетінің депутаттары ҚР Су кодексінің жобасын талқылау барысында осы мәселе қаралған.

«Бұл конфигурация (кодекс) бізге үкіметтік редакциямен келді. Онда жергілікті атқарушы органдар оған бірден тариф белгілеуді ұсынды. Бірақ егер біз ол суды қалай жинау керектігін білмесе, оны қалай ескеру керектігін, тазалығына қалай қарау керектігін білмесек, жаңбыр суы үшін кімнен ақы аламыз? Сұрақ ақылға қонымды болса да, түбі біреуден алынуы керек. Салық емес, жұмыс үшін, өңдеу үшін, осы суды үнемдеу үшін төлем. Бұл үшін біреу жауап беруі керек», — деді жұмыс тобының жетекшісі Павел Казанцев.

Әзірге жұмыс тобы жаңбыр суын есепке алу керек пе, жоқ па деген мәселені талқылап жатыр. Депутат Казанцев мемлекеттік органдар бұл мәселені шешуге тырысып жатқанын және оны есепке алудың қажеті жоқ деп санайтынын атап өтті. Ал депутаттар мұндай есепке алуды жақтайды.

Казанцевтің айтуынша, әлемдік тәжірибе жаңбыр суын өлшеуге, цифрландыруға болады, оны сақтау, тазарту және пайдалану керек. Қазіргі уақытта депутаттар кодекстің басқа нормаларын талқылауда.

Бұл тәжірибе Германия мемлекетіне бар. Тұрғындардың басым бөлігі жаңбыр суына салық төлейді. Жылына шамамен төлем мөлшері 150-190 евроны құрайды. Бұл теңгеге шаққанда 70-90 мың аралығында. Бұл негізінен коммуналдық алым болып есептеледі. Көбіне мұны жауын-шашын зиян келтіруі мүмкін аймақтардағы жеке секторлардың немесе көпқабатты тұрғын үйдің иелері төлейді. Өйткені жауған су бірден жерге сіңіп кете алмайды, ал асфальтты жерлерде тіпті мүмкін емес. Сол себепті де бұл суды кәрізбен ағызады. Тұрғындар осы үшін қомақты ақша төлейді.

Орташа есеппен әр үй иесі бұл төлем үшін 150-190 евро шамасында ақша аударады. Төлемнің мөлшерін азайтудың бір ғана жолы бар. Ол – жеке үйіңізге жаңбыр суын жинақтайтын арнайы цистерналар орнату, терең шұңқыр қазу. Осылайша жиналған суды аулаңыздағы өсімдіктерді суаруға құюға болады. Болмаса үй шаруашылығында қолдануға болады.

Былтыр күзде бірнеше депутат су тапшылығын болдырмас үшін, судың бағасын көтеру керек деген бастамаларын ұсынған. Сондай-ақ бір литр судың бағасы мұнаймен теңесуі керек деген пікірлер де болды. Артынша көктем шыға салып, Қазақстанды су басты. Қаншама аудандар мен ауылдар су астында қалып, халық үйлерінен айырылды.

Табиғаттың жаңбырына не үшін халық ақша төлеуі керек деген сұрақтар көпшілікті мазалап жатыр. Құдайдың берген жаңбырын есептеп, тазалап, өлшеп, қолданғылары келсе, мемлекет шаралар қолдансын. Халықтың қандай қатысы бар?

«Осы мәселені көтеріп отырған депутаттарды халық сайлағаны рас па? Енді тегін ауаны да сатып алатын кез келеді ме? Қазақстанда сататын ешнәрсе қалмаған-ау, енді кедей халықты осылай қыспаққа алмақ па? Осы депутаттар не ішіп-жейді екен?», — деп халық шу көтере бастады.