Рубль, юань һәм теңге: Қазақстанға қатысы бар ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рубль, юань һәм теңге: Қазақстанға қатысы бар ма?

Рубль, юань һәм теңге: Қазақстанға қатысы бар ма?

Ресей Қытай ақшасын (юань) ел ішінде негізгі шетелдік валюта болады деп жариялағанын естіп жатқан боларсыз. Нарық осылай құбылып жатыр.

  • 17 Маусым
  • 9
Фото: ашық дереккөз

Мұндайда сарапшылар пікірі өте маңызды. Бұл ретте Айбар Олжаев өз позициясын білдіріп үлгерді. Бұл туралы Қаржылық сауат арнасы жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әлеуметтік желіде енді доллар/еуромен жұмыс істей алмайтын Ресей оған Қазақстан арқылы сұраныс білдіруі мүмкін, ол кезде бізде долларға сұраныс арта ма деген сарында жазбалар кездеседі.

Халық арасында валюталарға қатысты түсініспеушілік әрі дүрлігу болмас үшін нарықты шолушылардың пікірі уақытында шыққаны өте маңызды.

Сарапшыларға санкциядан кейінгі валюта құнын анықтау мен айырбастау архитектурасы, яғни рубль курсының бағамы биржадан тыс ортада қалай құрылатыны қызық болып отыр. Әрине, мәселеге үстінен қарасақ, қатты өзгерген ештеңе жоқ. Рубль бұған дейін де еркін конверттелмейтін және сыртқы саудада доллар/евро тандемімен байланысын үзген.

Қазақстанға қатысы бар ма?

Шын айтсақ, бұл құбылыстардың Қазақстанға дәл қазір тікелей әсері шамалы. Тек ертең мультипликативті ұруы мүмкін.

Мысалы, болашақта рубль құны нарықтық механизмдерден мүлде тыс қалатын болса, онда біздің Ресеймен саудамызда дисбаланстар пайда болады. Ресей рубль құнын қолдан түсіріп тастаса, біздің тауар өндірушілер қиын жағдайға ұрынбақ.

Біз қазір Таяу Шығыс пен Орталық Азияның астық нарығында Ресеймен өте қатты бәсекеге түсіп отырмыз. Иә, айтарлықтай паритет сақталып отыр, бірақ рубль құласа, Ресей астығы сыртқы нарықтар үшін әлдеқайда тиімді болып шыға келеді. Дәл осындай жағдай уран және мұнай өнімдеріне де қатысты.

Теңгеге не болады?

Негізі, рубль енді құлай ма, жата ма, теңгенің онда еш шаруасы жоқ. Қазір ұлттық валютамыз тек қана мұнай бағасы мен сыртқы төлем балансына қарап отыр.

Мұнайдың барреліне 80 доллар диапазонынан түспей жүргендігін және болашақта да түспейтінін ескерсек, бізге бастысы импортты тым көбейтіп алмау керек. Сол кезде теңге де тұрақты болады.

Көзі қарақты оқырманның юань жаққа да назар сала бастағаны дұрыс шығар. Ресей кеше оны өзінің негізгі импорттық валютасы деп жариялады. Осымен доллар мен евро Ресейден ресми кетті деп айтуға болады.

Қазір Ресейде бар барлық шетелдік валютаның 54 пайызы юань. Болашақта Қытай Ресей үшін Солтүстік Кореядағыдай әлемдік нарыққа шығар жалғыз есік ретінде орнығуы да ғажап емес.